Израиль түнімен Газа секторын бомбалады

Палестина ресми ақпарат агенттігі «WAFA» шабуылдардан көптеген адамның қаза тауып, жарақат алғанын атап көрсетті.

2130501
Израиль түнімен Газа секторын бомбалады

Израиль армиясының Газа секторының орталық және оңтүстік аймақтарында түні бойы жасаған шабуылдарында көптеген адамның қаза тапқаны хабарланды.

Палестина ресми ақпарат агенттігі «WAFA»-да орын алған хабарға қарағанда Израиль әскери ұшақтары Газа секторына шабуылдарын 199-шы күннен бері жалғастыруда.

Израиль армиясы Газа секторының оңтүстігінде орналасқан Хан Юнис қаласының оңтүстік шығыс бөлігін бомбалады, орталық бөлігінде Мегази босқындар лагерінің шығысындағы кейбір аймақтарды артиллериялық шабуылмен нысанаға алды.

Израиль сондай-ақ Газа секторының орталық бөлігінде орналасқан Әл-Бурайж босқындар лагерінің кірісі мен әт-Тақуа мешітінің де әуе шабуылы жасады.

Шабуылдардан көптеген адам қаза тауып, жарақат алды.

Израиль әскери ұшақтарының Ән-Нусейрат босқындар лагеріндегі зират пен Дейр ел-Белах қаласындағы бір үйді нысанаға алуы салдарынан бірнеше адамның жараланғаны хабарланды.

Израиль күштері сонымен қатар Хан Юнис қаласының батысындағы Әл-Маваси ауданы мен Газа секторының оңтүстігіндегі Аз-Зейтун ауданына да шабуыл жасады.

Израиль армиясының Рефах қаласындағы екі үйге жасаған әуе шабуылында араларында 16 бала мен 6 әйел бар, барлығы 24 палестиналық қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар