Йерапетритис Таяу Шығысқа барады

Грекия Сыртқы істер министрі бейбітшілік талпынысы аясында Таяу Шығысқа барады.

2130708
Йерапетритис Таяу Шығысқа барады

Грекия Сыртқы істер министрі Йоргос Йерапетритис Таяу Шығыста бейбітшілік үшін Кувейт пен Катарға барады.

Йогос Йерапетритис Люксембургте өткен Еуроодақ (ЕО) Сыртқы істер министрлері жиналысы алдындағы мәлімдемесінде Таяу Шығыс, Украина және Африкадағы дағдарыстарға назар аударды.

Осы аймақтарда орын алған мәселелердің гуманитарлық дағдарыстарды арттырғанын айтқан Йерапетритис дағдарыстың көрші елдерге таралу қаупі бар екенін де білдірді.

Йерапетритис «Бейбітшілік талпыныстары аясында жиналыстан кейін бірден көптеген проблемасы мен гуманитарлық бір апатты бастан кешіп жатқан Таяу Шығыс аймағында бейбітшілік негізін қалау мақсатты бірге күресу үшін Катар мен Кувейтке барамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар