Газа секторында қаза тапқандар саны 34 мың 151-ге жетті

Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады.

2130696
Газа секторында қаза тапқандар саны 34 мың 151-ге жетті

Израиль армиясының Газа секторына 2023 жылдың 7 қазан күнінен бері жасаған шабуылдарында қаза тапқандардың саны соңғы 24 сағатта 54-ке артып, 34 мың 151-ге жетті.

Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған мәлімдемеде Израильдің 199 күннен бері Газа секторында жасап жатқан шабуылдары туралы ақпарат берілді.

Мәлімдемеде Израиль армиясының соңғы 24 сағатта Газа секторына жасаған шабуылдарында тағы 54 палестиналықтың қаза тапқаны және 104 адамның жараланғаны атап көрсетілді.

Израильдің 7 қазан күнінен бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар санының 34 мың 151-ге, жараланғандар санының 77 мың 84-ке жеткені білдірілді.

Мәлімдемеде сондай-ақ үйінділер астында және жол бойында әлі де өлген адамдар бар екені, бірақ Израиль әскерлерінің кедергісі салдарынан медициналық топтар мен азаматтық қорғаныс өкілдерінің мәйіттерге жете алмағаны да қайталанды.



Ұқсас жаңалықтар