Балалар өлімін тоқтату керек

Израиль шабуылдарында балалар қаза тауып отыр.

2130444
Балалар өлімін тоқтату керек

Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Палестина территориясындағы балалар өлімін тоқтату керек деп мәлімдеді.

ЮНИСЕФ-тің Таяу Шығыс және Солтүстік Африка аймақтық директоры Адель Ходрдың мәлімдемесі ЮНИСЕФ-тің «X» әлеуметтік медиа аккаунтында жарияланды. Ходр Израильдің соңғы 72 сағатта Батыс Шериядағы Тулкарим қаласында 3 баланы және Газаның оңтүстігіндегі Рафах қаласында кемінде 14 баланы өлтіргенін білдірді.

Палестина жеріндегі балалардың қатігез зорлық-зомбылықтың құрсауында қалғанын атап көрсеткен Ходр Палестинада балалар өлімінің тоқтатылуы және атысты тоқтату келісіміне қол жеткізілуі керек екенін баса айтты.

Израиль армиясының радиосы сәуірдің 18-і күні Батыс Шерияның солтүстігінде орналасқан Тулкарим қаласындағы Нұр Шамс босқындар лагеріне қарсы «кең ауқымды әскери операция» басталғанын хабарлаған болатын. Израиль осы шабуылдарында 14 палестиналықтың қаза тапқаны айтылған еді.

Куәгерлердің айтуынша, Израиль әскерінің лагерьге жасаған шабуылы кеше түнде аяқталып, олар аймақтан шегінді.



Ұқсас жаңалықтар