Мицотакис "Теңіз саябағы" жобасымен байланысты мәлімдеме жасады

Грекия премьер-министрі Еуроодақ (ЕО) саммитінен кейін журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды.

2129650
Мицотакис "Теңіз саябағы" жобасымен байланысты мәлімдеме жасады

Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис Түркияның наразылыына қарамастан «Теңіз саябағы жобасынан» бас тартпайтындарын мәлімдеді.

Кирякос Мицотакис Бельгияның бас қаласы Брюссельде өткен Еуроодақ (ЕО) саммитінен кейін журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды.

Мицотакис қойылған бір сұраққа қайтарған жауабында Грекияның Эгейдегі «Теңіз саябағы жобасына» Түркияның наразылығына тоқталды.

Грекия премьер-министрі «Қоршаған ортаға қатысты бір инициативаға бұл толығымен сылтаусыз наразылығы мені де таңқалдырып отыр. Грекия Афинадағы «Мұхиттар конференциясы» аясында уәде етілгендей, осы «теңіз саябақтарын» жасайды» деді.

Өзара қарым-қатынастардың жақсаруының Түркияның Эгей теңізі мен Жерорта теңізіндегі теңіз жауапкершілік аймақтары туралы көзқарасын өзгертпегенін білдірген Мицотакис бұл көзқарастардың өз елі үшін маңызды мәселе екенін атап көрсетті.

«Алайда бұл біздің оң күн тәртібіне көбірек инвестиция салуға және бізде үлкен келіспеушіліктер бар мәселелерді талқылау арқылы жалпы жағымды атмосфераны құруға кедергі келтірмейді» деді.

Грекия Сыртқы істер министрлігінің біріншісі Эгей теңізінде, екіншісі Ион теңізінде болып, екі жаңа «теңіз саябағы» құрылатыны туралы мәлімдемесіне Түркия наразылық көрсеткен болатын.

ТР Сыртқы істер министрлігінің 9 сәуір күні тақырыпқа қатысты жасаған мәлімдемесінде «Эгей мәселелері мен егемендігі халықаралық келісімдермен Грекияға берілмеген кейбір ірілі-ұсақты аралдар мен жартастардың мәртебесіне қатысты тақырыптарды өз күн тәртібі аясында қолданбауын Грекияға ұсынамыз» делінген еді.



Ұқсас жаңалықтар