Пәкістанда су тасқыны салдарынан 55 адам қаза тапты

Пәкістанның оңтүстік-батыс уәлаяттарында толассыз жауған жаңбыр салдарынан қаза тапқандар саны 55-ке жетті.

2128125
Пәкістанда су тасқыны салдарынан 55 адам қаза тапты

Пәкістанның оңтүстік-батыс уәлаяттарында соңғы 4 күнде толассыз жауған жаңбыр мен найзағайдың салдарынан қаза тапқандар саны 55-ке жетті.

Табиғи апат агенттігінің лауазым иелері  Пенджаб, Белуджистан және Хайбер Пантунхва уәлаяттарында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 55 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Лауазым иелері  қаза тапқандардың көбі бидай орағы кезінде найзағай соққан шаруалар екені туралы ақпаратпен бөлісті.

Премьер-министр Шахбаз Шариф билікке жаңбырдан зардап шеккен аймақтарға жедел жәрдем жеткізуді тапсырды.

Жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан көптеген үйлер зақымданса, инфрақұрылымға да айтарлықтай зиян келді.



Ұқсас жаңалықтар