Мексикада тікұшақ апатқа ұшырады

Бас қала Мехико маңында апатқа ұшыраған тікұшақтағы 3 адам қаза тапты.

2128212
Мексикада тікұшақ апатқа ұшырады

Мексикада жеке тікұшақтың құлауы салдарынан бірі ұшқыш, барлығы 3 адам қаза тапты.

Ұлттық ақпарат құралдарының хабарына қарағанда, тікұшақ бас қала Мехикоға қарасты Койоаджан аймағында құлап, өртенді.

Оқиғада 3 адам қаза тапса, аймаққа іздеу-құтқару топтары жөнелтілді.

Оқиғаның себебіне қатысты тергеу басталды.



Ұқсас жаңалықтар