НАТО Иранды сабырлы болуға шақырды

Дахлалла «Таяу Шығыстағы қақтығыстың бақылаудан шықпауы өте маңызды» деді.

2127578
НАТО Иранды сабырлы болуға шақырды

НАТО "Иранның Израильге шабуылдары арқылы Таяу Шығыстағы шиеленісті ұлғайтуын" айыптап, сабырлы болуға шақырды.

НАТО-ның баспасөз хатшысы Фарах Дахлалла өзінің «X» аккаунтында жасаған мәлімдемесінде «Альянс Иранның алдыңғы түнде шиеленісті ұлғайтуын айыптайды және сабырлы болуға шақырады» деді.

НАТО-ның оқиғаларды мұқият қадағалап отырғанын білдірген Дахлалла «Таяу Шығыстағы қақтығыстың бақылаудан шықпауы өте маңызды» деді.

Израиль 1 сәуірде Дамасктегі Иран консулдығы ғимаратына әуе шабуылын жасап, Иран Төңкеріс Сақшылары корпусынан 7 адам, оның ішінде 2 генерал қаза тапқан еді.

Иран Израильдің шабуылы өз елінің аумағына жасалған шабуыл екенін білдіріп,  оларға жауап қайтаратынын мәлімдеген болатын.

Израиль де Иранның шабуылдарына жауап беретінін мәлімдеді.

Алдыңғы түні Иран жүздеген камикадзе ұшқышсыз ұшатын аппарат, баллистикалық және қанатты зымыранмен Израильге шабуыл жасап, кейбір әскери нысандардың соққыға жығылғанын жариялады.

Израиль шабуылдардың көпшілігінің әуе қорғаныс жүйелері арқылы алдын алғанын, бірақ зымыран оңтүстіктегі әскери базаға тигенін мәлімдеді.


Этикеттер: #Израиль , #Иран , #НАТО

Ұқсас жаңалықтар