Иран Израильге пилотсыз әуе көліктерімен шабуылдады

Иран Төңкеріс сарбаздары армиясы шабуыл туралы мәлімдеме жасады.

2127353
Иран Израильге пилотсыз әуе көліктерімен шабуылдады

Иран Мемлекеттік телеарнасының хабарына қарағанда Иран Төңкеріс сарбаздары армиясы шабуыл туралы мәлімдеме жасалды.

Мәлімдемеде Израильдің Дамаскідегі Иран консулдығына шабуылына қарсы жауап ретінде (1 сәуір күні) Иранның Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жарғысының 51-бабына сәйкес өзін-өзі қорғау құқығы аясында Израиль басқыншылығындағы аумақтарда әскери нысандарға операция бастағаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Иран өз құқығын қамтамасыз ету және шабуылдаушыны жазалау мақсатында сионистік лаңкестік армияның басып алған жерлердегі маңызды әскери нысандарына шабуыл жасап, оның стратегиялық барлау мүмкіндіктерін, зымырандар мен пилотсыз әуе көліктерін сәттілікпен жойды» делінді.

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Израильге берген қолдауына назар аударылған мәлімдемеде «Террористік Америка үкіметі Иранның мүдделеріне зиян келтіретін кез-келген қолдау мен араласудың Иран Қарулы күштерінің тұрақты және өкінішті жауабымен нәтижеленетіні жөнінде ескертілді» делінді.

Төңкеріс сарбаздары армиясы АҚШ немесе Израиль атынан кез-келген елден келетін қауіп көзіне де жауап қайтарылатынын, Иранның заңды мүдделерін әртүрлі шабуылдар және заңсыз күш қолданысына қарсы да қорғайтынын білдірді.

Иранның ресми ақпарат агенттігі «IRNA» Төңкеріс сарбаздары армиясының Израильге баллистикалық зымыранмен шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Израильдік лауазымдылар болса Иранның Израильге баллистикалық зымыран ұшырғаны туралы ешқандай белгі жоқ екенін жариялады.

Израиль армиясы елдің оңтүстігінде әскери бір базаға шағын зақым келгенін және адам шығыны болмағанын хабарлады.

Армия «Ираннан (Израильге) 200-ден астам пилотсыз әуе көлігі, қанатты зымырандар мен баллистикалық зымырандар ұшырылды. Қауіптердің көпшілігі Израильдің әуе кеңістігінен тыс жерде ұсталды» деп мәлімдеді.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху басшылығында Тель-Авивте жиналған соғыс кабинеті Ираннан жасалған пилотсыз әуе көлігі шабуылын талқылады.

Израильдің қауіпсіздік кабинетінің Иранның шабуылына тойтару үшін соғыс кабинетіне жауапкершілік бергені хабарланды.

Жауапкершіліктің арқасында Иранға қайтарылатын жауаптың шешім қабылдау үдерісінің жылдам әрі жеңіл болатыны айтылды.



Ұқсас жаңалықтар