Байден Иранның Израильге шабуылын айыптады

АҚШ президенті Джо Байден мәлімдеме жасады.

2127380
Байден Иранның Израильге шабуылын айыптады

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Джо Байден Иранның Израильге қарсы шабуылдарын қатаң түрде айыптағанын атап, Израильді қолдайтынын қайталады.

АҚШ президенті Джо Байден жасаған мәлімдемесінде «Иран мен оның Йемен, Сирия және Ирактағы байланысты ұйымдары бүгін Израильдегі әскери нысандарға бұрын-соңды болмаған әуе шабуылын жасады. Мен бұл шабуылдарды қатаң түрде айыптаймын» деді.

Израильді қорғанысына көмектесу үшін тапсырмасымен аймаққа кейбір қосымша әскери күштердің жіберілгенін назар аударған Байден «Келген пилотсыз әуе көліктері мен зымырандарды атып түсіргенде Израильге көмектестік» деп хабарлады.

Иранның шабуылынан кейін Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлескеніне назар аударған Байден «АҚШ-тың Израильдің қауіпсіздігіне деген тұрақты уәдесін тағы көрсеткенін»  атап көрсетті.

Байден Израильдің аймақтағы жауларынан қалай қорғана алатынын бүгін түнде көрсеткенін білдірді.

Байден Иранға ортақ дипломатиялық наразылықты талқылау үшін бүгін «Үлкен жетілік елдері» көшбасшыларын жинайтынын мәлімдеді.

Израиль және аймақтағы басқа одақтас елдермен байланысын жалғастырып, процестің ілгерілеуін бағалайтындарын атап көрсеткен Байден американдық сарбаздарға ешқандай шабуыл жасалмаса да, олардың сергек және мұқият болатынын және өз азаматтарын қорғау үшін қажетті шараны қабылдайтынын білдірді.

АҚШ президенті Байден Ақ Үйдегі Жағдайды басқару бөлмесінде ұлттық қауіпсіздік тобымен кездесуінен бір кадрды өзінің «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан бөлісті.

Байден хабарламасында «Өзімнің ұлттық қауіпсіздік тобыммен Иранның Израильге жасаған шабуылына қатысты соңғы жағдайды білу үшін бас қостым. Иран мен оның сенімді өкілдерінің қауіп-қатерлеріне қарсы Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты уәдеміз тұрақты» деді.

Израиль мемлекеттік телеарнасы «KAN»-ың хабарына қарағанда Израиль Қорғаныс министрі Йоав Галлант америкалық әріптесі Ллойд Остинмен телефон арқылы сөйлесті.

Остин Галланттан Израиль Иранның шабуылдарына қандай да бір жауап қайтармай тұрғанда АҚШ-ты соңғы оқиғалар туралы хабардар етуін сұрады.



Ұқсас жаңалықтар