Байден Иранның Израильге қолдауын қайталады

Байден Жапония премьер-министрі Кисида Фумиомен Ақ Үйде өткізген ортақ баспасөз мәслихатында күн тәртібін бағалады.

2126749
Байден Иранның Израильге қолдауын қайталады

Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байден Иранның Израильге қарсы шабуыл қоқан-лоққыларына қарсы Тель-Авивке табанды түрде  қолдау көрсетуді жалғастыратындарын мәлімдеді.

Байден Жапония премьер-министрі Кисида Фумиомен Ақ Үйде өткізген ортақ баспасөз мәслихатында күн тәртібін бағалады.

Байден Кисидамен кездесулерінде Таяу Шығыстағы оқиғаларды талқылағандарын және осы аяда Газа және Иран дағдарысына қатысты бағалар жасағандарын білдірді.

«Біз кездесу барысында Иранның Израильге қарсы шабуыл қаупін де талқыладық. Мен премьер-министр Бенямин Нетаньяху айтқанымдай, Иран мен оның аймақтағы сенімді өкілдерінен келетін қауіптерге қарсы Израильге қатысты қауіпсіздік міндеттемеміз өзгермейді» деген Байден Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлығын жасайтындарын баса айтты.

Өткен аптада Сирияның Дамаск қаласындағы Иран консулдығына Израильдің шабуылынан кейін Иран мен Израильдің өзара мәлімдемелерімен аймақтағы шиеленіс артқан еді.



Ұқсас жаңалықтар