Газа секторының солтүстігіне алғашқы көмек конвойы жеттті

БАӘ Газа секторының солтүстігіне құрлық арқылы алғашқы көмек көрсету конвойының жеткенін хабарлады.

2126480
Газа секторының солтүстігіне алғашқы көмек конвойы жеттті

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Газа секторының солтүстігіне құрлық арқылы алғашқы көмек көрсету конвойының жеткенін хабарлады.

БАӘ Қорғаныс министрлігінің бірлескен операциялық қолбасшылығының жазбаша мәлімдемесінде «Біріккен Араб Әмірліктерінің 17 жүк көлігінен тұратын көмек конвойы алғаш рет құрлық арқылы Газаның солтүстігіне жетті» делінді.

Мәлімдемеде 370 тоннадан астам гуманитарлық көмек тиелген конвойда азық-түлік, дәрі-дәрмек пен киім-кешек, босқындарға қажетті құрал-жабдықтар болғаны атап өтілді.

Мәлімдемеде сондай-ақ гуманитарлық көмектің Газаның солтүстігіне бір ел арқылы алғаш рет құрлық арқылы кіргені баяндалды.

Енді бір жағынан Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде БАӘ-нің Мысыр Әуе күштерімен бірлесіп Газа секторының солтүстігіндегі аймақтарға 29-шы рет әуе көмегін жасағаны атап өтілді.

Мәлімдемеде Газа секторының солтүстігіндегі бос жерге 5 ұшақпен тасталған 85 тонна гуманитарлық көмек материалының ішінде азық-түлік, мерекелік киімдер, аяқ киім, ойыншықтар, тәттілер және әртүрлі өнімдердің болғаны білдірілді.


Этикеттер: #Газа , #конвой , #көмек , #БАӘ

Ұқсас жаңалықтар