Ресейде 10 400-ден астам үйді су басты

Ресейдің Сібір, Волга және орталық аудандарында су тасқыны болғаны хабарланды.

2126018
Ресейде 10 400-ден астам үйді су басты

Ресей бойынша 10 400-ден астам үйді су басты.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі Еуропаның ең ірі өзендерінің кейбірінен жылдам еріген қар суы тасып, Ресей бойынша 10 400-ден астам үйді су басқанын хабарлады.

Орал тауынан басталып, Каспий теңізіне құятын Жайық өзені жұма күні еріген қардың салдарынан бірнеше сағат ішінде бірнеше метрге көтеріліп, ел астанасы Мәскеуден шығысқа қарай 1800 шақырым жерде орналасқан Орск қаласында бөгетті бұзып кетті.

Ресейдің Сібір, Волга және орталық аудандарында су тасқыны болғаны хабарланды.

«39 аймақта 10 400-ден астам үйді су басқан», - делінген Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.



Ұқсас жаңалықтар