Грузияда жарылыс

2 адам қаза тауып, 4 адам жараланды.

2125800
Грузияда жарылыс

Грузияның астанасы Тбилисиде қару-жарақ дүкеніне тиесілі жабық атыс алаңында болған жарылыс салдарынан 2 адам қаза тауып, 4 адам жараланды.

Грузия Ішкі істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Тбилисиде жұмыс істейтін «Battleground» қару дүкенінің атыс полигонында белгісіз себеппен жарылыс болғаны атап өтілді.

Мәлімдемеде Бочорма көшесінде орналасқан ғимаратта болған жарылыстан 2 адамның қаза тапқаны, 4 адамның жараланғаны, жараланғандардың ауруханаға жеткізілгені айтылды.



Ұқсас жаңалықтар