АҚШ Қазына министрі Қытайда

АҚШ министрі Американың Сауда палатасының (AmCham) өкілдерімен кездесті.

2125525
АҚШ Қазына министрі Қытайда

Қытайға сапары барысында АҚШ-тың Қазына министрі Джанет Йеллен өз елінің Қытаймен салауатты экономикалық қарым-қатынас орнатқысы келетінін және Қытаймен экономикалық байланыстарды үзуге ұмтылмайтынын баса айтты.

Сапарының бірінші аялдамасында АҚШ министрі Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының орталығы Гуанкоу қаласында Американың Сауда палатасының (AmCham) өкілдерімен кездесті.

Йеллен кездесуде "Америка Құрама Штаттары мен Қытай арасындағы экономикалық қарым-қатынас әлемдегі ең маңызды екіжақты экономикалық қарым-қатынас болып табылады. Дүние жүзіндегі елдер экономикамызды ғана емес, сонымен бірге қарым-қатынасымызды да жіті бақылап отыр. Бұл қарым-қатынасты жауапкершілікпен басқару керек"деді.

Йеллен Қытайда жұмыс істейтін американдық компаниялардың үштен бірінің қытайлық бәсекелестерімен салыстырғанда әділетсіз қарым-қатынасқа ұшырағанына тоқталып, шетелдік компаниялардың нарыққа кіруіне кедергілер мен америкалық компанияларға қарсы мәжбүрлеу әрекеттерінің елдегі іскер ортасына зиянын тигізетініне назар аударды.

Йеллен "Өндірістің артық болуы төмен бағамен ауқымды экспортты тудырады. Бұл АҚШ компаниялары мен жұмысшыларын жұмыссыз қалдырумен қатар, Үндістан мен Мексика сияқты елдердегі компанияларға да теріс әсер етеді" деді.



Ұқсас жаңалықтар