Нетаньяхудың қызметтен босатылуын талап етті

28 жоғары лауазымды шенеунік Нетаньяхуды жұмыстан босатуды сұрап Жоғарғы Сотқа өтініш берді.

2125080
Нетаньяхудың қызметтен босатылуын талап етті

Израильде 28 жоғары лауазымды шенеунік премьер-министр Беньямин Нетаньяхуды қызметінен босату үшін Жоғарғы Сотқа өтініш берді.

Израильдің «Calcalist» экономикалық сайты өтініш жайлы жариялады.

Хабарға қарағанда,  28 жоғары лауазымды шенеунік, оның ішінде экономистер, технология сарапшылары және академиктер бар, Нетаньяхуды жұмыстан босатуды сұрап Жоғарғы Сотқа өтініш берді.

Петицияда Нетаньяхудың «соғыстағы мемлекет мүддесі үшін әрекет ету» жауапкершілігі мен «пара алды, алаяқтық және сенімді теріс пайдаланды» деп айыпталған істерді кейінге қалдыру арасында қалғаны атап көрсетілді. «Нетаньяху соғыстың басынан бері бірнеше рет өзіне қарсы сыбайлас жемқорлық ісінің қаралуын кейінге қалдыруды сұрады. Сондықтан өтініш берушілер Израиль премьер-министрінің қызметінен босатылуын талап етті.

Беньямин Нетаньяхудың сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен Шығыс Иерусалим аудандық сотында соты жүріп жатыр.



Ұқсас жаңалықтар