Құран өртеген кісі Норвегиядан депортацияланады

Момиканы Швецияға қайтару туралы шешім қабылданды.

2125099
Құран өртеген кісі Норвегиядан депортацияланады

Швецияда Құран Кәрімді өртеу арандатушылықтарымен танымал ирактық Салван Момика баспана сұраған Норвегиядан депортацияланады.

Швецияның иммиграциялық апелляциялық соты 27 наурызда Швециядан депортациялау шешімін мақұлдаған арандатушы Салван Момиканың Норвегиядан баспана сұрау өтініші қабылданбады.

Норвегияның Иммиграциялық кеңсесі 28 наурызда Момиканың баспана сұрау өтінішінің қабылданбағанын, сондықтан оның депортациялау мақсатында ұсталғанын хабарлады.

Мәлімдемеде Момиканы Дублиндегі баспана сұрау келісіміне сәйкес Швецияға қайтару туралы шешім қабылданғаны айтылды.

Швеция Иммиграция кеңсесінің директоры Йеспер Тенгрот «Expressen» газетіне жасаған мәлімдемесінде Норвегияның Момикаға қатысты шешімін қабылдағандарын және Дублин баспана келісіміне сәйкес Момиканың Швецияға тапсырылатынын айтты.

Салван Момика Стокгольмде Құрбан айттың бірінші күнімен тұспа-тұс келген 28 маусым күні Стокгольм мешітінің алдында Құран Кәрімді өртеп жіберген еді. Ол кейінірек Швециядағы Ирак елшілігі мен Швеция парламенті алдында Құранды бірнеше рет өртеп, Ирак туын таптап тастаған. Момика тамыздың 24-і күні Стокгольм мешітінің алдында Құранды қайта өртеген болатын.

Момика 3 қыркүйекте Мальмеде, 21 қазанда Стокгольм орталығында Құран мен Палестина туын өртеген еді.

Момиканың әрекетінен кейін Дания парламенті 7 желтоқсанда заң жобасын қабылдап, қасиетті кітаптарды өртеу мен оларға шабуыл жасауды заңсыз деп санады.



Ұқсас жаңалықтар