Польшада жел апатынан 5 адам көз жұмды

Өрт сөндірушілер Рабка-Здрой қаласында ағаштардың құлауынан 2 әйел мен 1 баланың қаза тапқанын хабарлады.

2123806
Польшада жел апатынан 5 адам көз жұмды

Польшада сағатына 100 шақырымнан асатын желден құлаған ағаштар 5 адамның өмірін қиды.

Ұлыбританияда шығатын «The Guardian» газетінің хабарына қарағанда, кеше Закопане және Рабка-Здрой қалаларында қатты желдің салдарынан 3 бөлек апат орын алған.

Өрт сөндірушілер Рабка-Здрой қаласында ағаштардың құлауынан 2 әйел мен 1 баланың қаза тапқанын хабарлады.

Лауазым иелерінің хабарлауынша, Закопане қаласында бір әйел мен бала көлігінің үстіне ағаш құлап қайтыс болған.

Енді бір  жағынан, лауазым иелері халықты қатты желден сақтандырып, Татра ұлттық саябағындағы тау жолдарын көлік қозғалысына жапты.

Өрт сөндірушілер жолдарды жауып тұрған ағаштарды алып тастау және шатырлары зақымданған үй иелеріне көмек көрсету үшін 140 орынға әрекет етті.



Ұқсас жаңалықтар