Ирактың солтүстігінде 6 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Ирактағы әуе операциясы туралы мәлімдеме жасады.

2123675
Ирактың солтүстігінде 6 террорист залалсыздандырылды

Ирактың солтүстігіндегі Метина және Гара аймақтарында бөлшектеуші террор ұйымы PKK-лық 6 террорист әуе операциясымен залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасалған мәлімдемеде «Ізіне түс, анықта және жой! Батыл Түрік Қарулы күштері Ирактың солтүстігіндегі Метина және Гара аймақтарында анықталған PKK-лық 6 террористті әуе операциясымен залалсыздандырды. Аймақта соңғы террорист залалсыздандырылғанша операцияларымыз қажымас қайрат және табандылықпен жалғасады!» делінді.



Ұқсас жаңалықтар