Израиль армиясының  Ливандағы шабуылдары жалғасуда

Израиль армиясы Хизбулла қозғалысына тиесілі 10 нысанға әуеден шабуыл жасағанын жариялады.

2123276
Израиль армиясының  Ливандағы шабуылдары жалғасуда

Израиль армиясы Ливанның оңтүстігіндегі Хизбулла қозғалысына тиесілі 10 нысанға әуеден шабуыл жасағанын жариялады.

Израиль армиясы Ливанның оңтүстігіндегі шекаралық аймақтарға соғыс ұшақтарымен жасаған шабуылдары туралы мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Ливанның оңтүстігіндегі Рашая әл-Фухар аймағында Хизбулланың қару қоймалары, бақылау позициялары мен зымыран ату платформалары бар нысанаға 10-ға жуық әуе шабуылы жасалғаны атап көрсетілді.

Ливанның «NNA» ресми агенттігінің  хабарда Израиль әскери ұшақтарының Ливанның оңтүстігіндегі Набатия уәлаятының  Маркаюн ауданындағы Рашая әл-Фухар мен Фирдевс арасындағы аймаққа шабуыл жасағаны атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар