БҰҰ Газаға гуманитарлық жүк көліктері жайлы мәлімдеме жасады

Израиль гуманитарлық көмектің Рафах шекара қақпасы арқылы Газаға кіруіне рұқсат беру туралы халықаралық үндеулерді елемеуде.

2123191
БҰҰ Газаға гуманитарлық жүк көліктері жайлы мәлімдеме жасады

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Израиль ашаршылыққа ұшыратқан Газа секторына өткен айда орта есеппен 159 гуманитарлық жүк көлігінің кіргенін және мұның аймақтағы қажеттіліктен әлдеқайда төмен екенін хабарлады.

БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек және жұмыс агенттігі әлеуметтік медиа платформасы «X» арқылы Газадағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.

Наурыз айында Израильдің аштықпен күресіп жатқан Газаға күніне орта есеппен 159 гуманитарлық көмек көлігінің кіруіне рұқсат бергені және бұл аймақтағы қажеттіліктен әлдеқайда төмен екені айтылды.

Әлемнің көптеген елінен Мысыр жері арқылы Газаға жіберілген гуманитарлық көмектің басым бөлігі Израиль кедергілеріне байланысты Мысырда күтуін жалғастыруда.

Израиль гуманитарлық көмектің Мысыр шекарасындағы Рафах шекара қақпасы арқылы Газаға кіруіне рұқсат беру туралы халықаралық үндеулерді елемеуде.



Ұқсас жаңалықтар