Мүджахид: "АҚШ Ауғанстанның әуе кеңістігін бұзуда"

Талибан әкімшілігі АҚШ-тың пилотсыз әуе көліктерімен ұшып, елдің әуе кеңістігін бұзғанын мәлімдеді.

2122660
Мүджахид: "АҚШ Ауғанстанның әуе кеңістігін бұзуда"

Талибан әкімшілігі АҚШ-тың пилотсыз әуе көліктерімен ұшып, елдің әуе кеңістігін бұзғанын атап көрсетті.

Ауғанстан уақытша үкіметінің баспасөз хатшысы Забихулла Мүджахид АҚШ-тың пилотсыз әуе көліктерімен Ауғанстан әуе кеңістігін бірнеше рет бұзғанын және бұған наразылық білдіргендерін атап, АҚШ-тан бұл мәселеге байыпты қарауды сұрады.

Мүджахид «Кейбір жақын маңдағы елдердің әуе кеңістігін пайдаланып Ауғанстанға келген бұл әуе көліктерінің АҚШ-қа тиесілі екені сөзсіз. Барша бұл тақырыпта өз жауапкершілігін сезініп, құқық бұзушылықты тоқтатуы керек» деді.

Атын атамай, «жақын елдерге» шақыру жасаған Мүджахид аталмыш елдерден әуе кеңістігін АҚШ-тың пайдалануына ашпауын сұрады.

Бірнеше күн бұрын ауған баспасөзінде Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар және Нимруз уәлаяттарында пилотсыз әуе көліктерінің ұшып жатқаны орын алған болатын.

Талибан әкімшілігі өкілдері ұзақ уақыттан бері Ауғанстанның көптеген аймағында пилотсыз әуе көліктерінің ұшқанын атап көрсетуде.



Ұқсас жаңалықтар