БҰҰ Израильді айыптады

Израиль БҰҰ Ливан уақытша бейбітшілік күшіне тиесілі брондалған бір көлікті нысанаға алды.

2122567
БҰҰ Израильді айыптады

Израиль армиясы өз шабуылдарында халықаралық ұйымдар мен олардың қызметкерлерін де аямайды.

Израильдің пилотсыз әуе көліктері Ливанның оңтүстігінде Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Ливан уақытша бейбітшілік күшіне тиесілі брондалған бір көлікті нысанаға алды.

Шабуыл кезінде 3 әскер мен 1 ливандық азамат жарақат алды.

Ливан шабуылға қатаң наразылық білдірді. Ливан Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Израильдің елдің оңтүстігіне жасаған шабуылының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне шағымдану үшін дайындықтың басталғаны және шабуылдың қатаң түрде айыпталғаны атап көрсетілді.

БҰҰ да шабуылды айыптады. БҰҰ Бас хатшысының баспасөз кеңсесінен жасалған мәлімдемеде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррештің шабуылды айыптағаны білдірілді.

Мәлімдемеде бейбітшілік күшінің қауіпсіздігін әрқашан қамтамасыз етілу керектігі баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар