Кулеба: «Президент Ердоған – керемет актер»

Украина Сыртқы істер министрі Варшавада онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатына қатысты.

2121319
Кулеба: «Президент Ердоған – керемет актер»

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба «Президент Ердоған – керемет актер. Ол біздің өңірде ғана емес, әлемде де құрметке ие» деді.

Дмитрий Кулеба Польшаның бас қаласы Варшавада өткен онлайн форматтағы жиналыста журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды.

Кулеба «Егер Украина мен Ресей келіссөздерге қайта оралса, бұл үдеріс 2022 жылдың наурыз айындағы сияқты Стамбулда жүзеге асуы мүмкін бе?» деп қойылған бір сұраққа «Қазірге дейін тек Түркия ғана Ресей мен Украина тарапының байланысын ұйымдастыра алды. Ол соғыстың бірінші кезеңінде жүзеге асырылды» деп жауап қайтарды.

Кулеба 2022 жылдың ақпан айынан бері жалғасып келе жатқан соғысты тоқтатуға көмектескісі келетін ешбір елді кері қайтармағандарына назар аударып, «Президент Ердоған – керемет актер. Ол біздің өңірде ғана емес, әлемде де құрметке ие» деді.



Ұқсас жаңалықтар