Израиль Ливанға шабуыл жасады

Израиль әскери ұшақтарының әуе шабуылынан 7 адам қаза тапты, 4 адам жарақат алды.

2120824
Израиль Ливанға шабуыл жасады

Израиль әскери ұшақтарының Ливанның оңтүстігінде жасаған әуе шабуылында 7 адам қаза тапты, 4 адам жарақат алды.

Палестинаның ресми агенттігі «WAFA»-ның хабарына қарағанда Ливандағы Азаматтық қорғаныс ұйымының дереккөздері Израиль әскери ұшақтарының елдің оңтүстігіндегі Әл-Хаббария қаласында Ислам медициналық қоғамына тиесілі нысандарға көптеген зымыран мен әуе шабуылы жасағанын білдірді.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша шабуыл салдарынан 7 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды.

Израиль армиясының Ливанның шығысындағы Бекаа алқабындағы Хизбуллах нысаналарына жасаған әуе шабуылында болса 2 адам қаза тауып, 1 адам жараланды.

Хизбуллах болса бүгін таңертең Ливанның оңтүстігінен Израильдің солтүстігіндегі Кирят Шмона аймағына зымырандық шабуыл жасады, шабуылда 1 адам қаза тапты.

Израиль армиясы қақтығыс салдарынан шиеленіс күшейген Ливан шекарасында кейбір жолдарды азаматтық көлік қозғалысына жапты.

Израиль армиясы мен Хизбуллах қозғалысы арасында 8 қазан күнінен бері жалғасып жатқан қақтығыстарда 246 Хизбуллах мүшесі, 50 ливандық бейбіт тұрғын, 12 Эмел қозғалысы, 13 Хамас, 12 Исламдық жиһад қозғалысы мүшелері және 6 Израиль азаматы мен 11 сарбазы қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар