100-ден астам адамды құтқарған 15 жастағы Мүслім марапатталды

Ресей мұсылмандары атынан да «Қызмет медалі" беріледі.

2120965
100-ден астам адамды құтқарған 15 жастағы Мүслім марапатталды

Ресей астанасы Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залында болған лаңкестік әрекетте 100-ден астам адамды құтқарған 15 жастағы Мүслім Ислам Халиловқа «Ерлік» сыйлығы берілді.
Салтанатты шарада Ресейдің Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Мария Львова-Белова лаңкестік әрекет кезінде көрермендерді эвакуациялауға көмектескен 15 жасар Халиловты «Жапа шеккендерге көмек көрсетудегі жанқиярлық пен  батылдық үшін» грамотамен марапаттады.
Екінші жағынан Ресей Федерациясы Мұсылмандары Діни Басқармасы мен Ресей Мүфтилер Кеңесінің президенті Равиль Гайнутдин Халиловты ерлігі үшін Ресей мұсылмандары атынан «Қызмет медалімен» марапаттайтынын хабарлады. 
Медаль 29 наурыз күні Мәскеу орталық мешітінде жұма намазында беріледі деп хабарланғды. 
«Крокус Сити Холлдағы» гардеробта жарты күн істейтін мұсылман Халилов 22 наурыз күні кешке лаңкестер концерт залына қарулы шабуыл жасағанда 100-ден астам адамды эвакуация дәлізіне бағыттап, адамдардың ғимараттан шығып, қауіпсіз жерге жетуіне мүмкіндік берді.
Эвакуацияға көмектескен 14 жастағы Артём Донсков та осындай марапатқа ие болды.
Ресей Тергеу комитеті шабуылда 139 адамның қаза тауып, 100-ден астам адам жараланғанын хабарлады.
 



Ұқсас жаңалықтар