Украинада мұсылман сарбаздарға ауызашар берілді

Зеленский мұсылман сарбаздарға марапат тапсырды.

2120564
Украинада мұсылман сарбаздарға ауызашар берілді

Украина президенті Владимир Зеленский ел астанасы Киевте армияда қызмет ететін мұсылман сарбаздарына арналған ауызашар бағдарламасына қатысты.
Украина президентінің кеңсесі жасаған мәлімдемеге қарағанда, бағдарламаға украиндық саясаткерлерден басқа Қырым татарларының ұлттық көшбасшысы Мұстафа Джемилев Кырымоғлу, Түркияның бас омбудсмені Шереф Малкоч, Түркия, Түрікменстан, Палестина, Өзбекстан, Мысыр, Ливия, Пәкістан, Индонезия, Оңтүстік Африка Республикасы, Әзербайжан, Алжир, Судан, Катар, Ирак және Қырғызстан дипломатиялық миссияларының өкілдері қатысты.
Бағдарламада мұсылман сарбаздарға марапаттарын тапсырған Зеленский өткен жылы жаңа дәстүр бастағандарын айтты.
Қасиетті Рамазан айын осылайша бірге тойлағандарын айтқан Зеленский «Мемлекетіміздің саяси басшылығы, әскери қолбасшылар, Украина мұсылман қауымының өкілдері, Қырым Татар Ұлттық Мәжілісі және дипломатиялық корпус барлығымыз бірге болғанымызға өте қуаныштымын. Бірлік қашанда маңызды. Әсіресе соғыс пен жауыз шабуылдардың көлеңкесінде бірлік өте маңызды» деді. 
Зеленский Украина қорғаныс және қауіпсіздік күштеріндегі мұсылман сарбаздардың елі мен бостандығын қорғаған күресін жоғары бағалап, ерліктері үшін алғыс айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар