Бразилияда су тасқынынан 27 адам көз жұмды
Шамамен 7300 адамның үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғаны және 6 адамның із-түзсіз жоғалып кеткені баяндалды.
2120238
Бразилияның Эспириту-Санто штаты және Рио-де-Жанейро қаласында толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқыны мен лай көшкіндерінде қаза тапқандар саны 27-ге артты.
Лауазым иелері су тасқыны мен лай көшкінінен Эспирито-Сантода 19 адамның, Рио-де-Жанейрода 8 адамның қаза тапқанын хабарлады.
Шамамен 7300 адамның үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғаны және 6 адамның із-түзсіз жоғалып кеткені баяндалды.
Президент Луис Инасио Лула да Силва баспасөзге жасаған мәлімдемесінде қаза тапқандардың отбасыларымен селбесетіндерін және апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
Мексикада аптап ыстықтан 138 ұлыған маймыл өлді
“Usumacinta” атты биоәртүрлілікті сақтау ұйымы мәлімдеме жасады.