АҚШ-тағы «Фрэнсис Скотт-Ки» көпірі құлады

Жергілікті уақытпен түнгі 01:30 шамасында үлкен бір жүк кемесі көпір бағандарының біріне соғылды.

2120529
АҚШ-тағы «Фрэнсис Скотт-Ки» көпірі құлады

АҚШ-тың Мэриленд штатына қарасты Балтимор қаласында «Фрэнсис Скотт-Ки» көпірі үлкен бір кеменің соғылуы салдарынан опырылып құлады.

Жергілікті уақыт бойынша түнгі 01:30 шамасында үлкен жүк кемесі көпірдің бағаналарының біріне соғылды. Соққыдан кейін кемеде өрт басталды.

Соққы салдарынан ұзындығы шамамен 2,57 шақырым болатын көпірдің бір бөлігі құлап, көпірдегі көптеген көлік суға кетті.

Мэриленд көлік департаменті жасаған мәлімдемеде «Фрэнсис Скотт-Ки» көпірімен байланысатын барлық жолдың екі бағытта да көлік қозғалысына жабылғаны хабарланды.

Суға құлап кеткен кем дегенде 7 адамды іздеу-құтқару жұмысының жалғасып жатқаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар