Террор ұйымы 15 жасар қызды алып қашты

Ұйым Манбидж ауданында 14 жасар қызды қарулы жасағына алу үшін ұрлап әкеткен еді.

2119924
Террор ұйымы 15 жасар қызды алып қашты

Жікшіл террор ұйымы PKK/YPG Сирияның Алеппо облысының басып алынған Айнулараб ауданында 15 жасар қызды алып қашты.

Оппозициялық күрд тобының баспасөз хатшысы Редор әл-Ахмед Алеппоның Айнулараб ауданынан 15 жасар қыздың PKK/YPG террористтері тарапынан алып  қашырылғанын айтты.

Ахмед сепаратистік террор ұйымының алып қашырылған балалардың отбасыларымен байланысуына кедергі жасағанын білдірді.

PKK/YPG алып қашырған немесе ұстаған балалар мен жастарды қарулы жаттығу үшін оқу лагерьлеріне алып барады.

Наурыздың 10-ы күні лаңкестік ұйым Алеппо уәлаятында басып алған Манбидж ауданында 14 жасар қызды қарулы жасағына алу үшін ұрлап әкеткен еді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 2022 жылға арналған «Қарулы қақтығыстардағы балалар» есебінде PKK/YPG-нің 2022 жылы 1200-ден астам баланы ұрлап, соғысуға мәжбүрлегені жарияланды.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш «Мен PKK/YPG-нің балаларды әскер ретінде пайдалануына қатты алаңдаймын» деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар