Мәскеуде қаза тапқандар саны 137-ге жетті

Қаза тапқандардың үшеуі - бала.

2119607
Мәскеуде қаза тапқандар саны 137-ге жетті

Жұма күні Ресей астанасы Мәскеудегі «Crocus City Hall» ғимаратында болған терактіде қаза тапқандар саны 137-ге жетті.

Ресей Тергеу комитеті (SLEDCOM) шабуылда қаза тапқандар санының 137-ге жеткенін, оның 3-і бала екенін хабарлады.

SLEDCOM жасаған мәлімдемеде оқиға орнында тергеу жұмыстары жалғасып жатқаны және осы уақытқа дейін 62 мәйіттің аты-жөнінің анықталғаны айтылды.

Сонымен бірге шабуылға қатысты ұсталған 11 күдіктінің 4-і Мәскеу Басманный аудандық сотында судья алдына шығарылды.

Күдікті Тәжікстан азаматтары Далеркон Мирзоев, Саидакрам Муродали Рачабализода, Фаридуни Шамсидин және Мухаммадсобир Файзов 22 мамырға дейін қамауда болады деп шешілді.

Файзовты сот залына арбаға отырғызып, дәрігердің сүйемелдеуімен алып бара жатқаны, басқа күдіктілердің беттеріндегі ісік пен көгерген жерлері назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар