Грекияда НАТО-ға қарсы наразылық

Бір топ белсенді НАТО-ға тиесілі танктерді тасымалдаған пойызға кедергі болды.

2119602
Грекияда НАТО-ға қарсы наразылық

Грекияның Александруполи қаласында соғысқа қарсы бір топ белсенді теміржолға тосқауыл қойып, АҚШ пен НАТО-ға тиесілі танктерді тасымалдаған пойызға кедергі болды.

Грекияның Коммунистік партиясының (ККЕ) бір топ мүшесі Александруполи қаласындағы теміржол бойында соғысқа қарсы наразылық акциясын өткізді.

Белсенділер « Александруполи империалистер сарайы емес, халықтың порты» деп ұран тастады. Олар пойыз жолында бөгет жасап, АҚШ пен НАТО танктері тиелген пойызды тоқтатты.

Белсенділер арасында Палестина туын көтеріп шыққандар  да болды.  Наразылық барысында бір демонстрант цистернаның үстіне «Қанішерлер, үйлеріңе қайтыңдар» деп жазып кетті.

Түркия мен Болгария шекарасына жақын орналасқан Александруполи Украина-Ресей соғысынан кейін НАТО әскери техникасын Румыния және Болгария арқылы Шығыс Еуропаға жөнелтудің балама жолы болды.



Ұқсас жаңалықтар