АҚШ әскерлері PKK-лықтармен Наурыз шараларына қатысты

Террор ұйымына жақын әлеуметтік желілер аккаунттарынан хабарлама жариялады.

2119441
АҚШ әскерлері PKK-лықтармен Наурыз шараларына қатысты

АҚШ әскерлері Сирияның Хасеке және Алеппо қалаларында террор ұйымы PKK-ның символдары шүберектер қолданылған Наурыз шараларына қатысты.

Террор ұйымына жақын әлеуметтік желідегі аккаунттарындағы хабарламаларға қарағанда, АҚШ әскерлері Алеппоның Айн әл-Араб ауданы мен Хасакенің Дерик ауданында өткізілген Наурыз шараларына келді.

PKK/YPG жақтастары әр екі ауданда ұйымдастырылған іс-шарада террорист басы Абдуллах Өджаланның фотосуреттері мен террор ұйымы PKK-ның символы болған үсінде жұлдызы бар сары, жасыл және қызыл түсті шүберектер қолданылды.

Әлеуметтік желідегі аккаунттарынан жарияланған бейнекөріністе Дериктегі іс-шарада америкалық бір әйел әскер киген форманың жағасында PKK/YPG қолданған жаға әшекейлері байқалды.



Ұқсас жаңалықтар