"Қателік болатынын айтамын" деді

Блинкен екінші аялдамасы Мысырдан  кейін Израильге өтеді.

2118703
"Қателік болатынын айтамын" деді

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Израильге сапары кезінде билікке «Газаның оңтүстігіндегі Рафах қаласына шабуыл жасаудың қателік болатынын» түсіндіретінін айтты.

Таяу Шығыс сапары аясында Мысырдың астанасы Каирге барған Энтони Блинкен әріптесі Самих Шүкримен кездесті.

Газадағы оқиғалар талқыланған жиналыстан кейін ұйымдастырылған ортақ баспасөз мәслихатында Блинкен Газада атысты тоқтатудың «қиын, бірақ мүмкін» екенін айтты.

Израиль шабуыл жасаса, Рафахтағы бейбіт тұрғындардың барар жері жоқ екенін атап көрсеткен Блинкен «Рафахқа қарсы үлкен құрлық операциясы жасалмай-ақ Хамас мәселесі шешілуі мүмкін» деді. Блинкен Израильдегі ресми тұлғалармен кездесіп, Рафахқа шабуыл жасаудың «қателік» болатынын түсіндіретінін мәлімдеді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы «Біздің бағалауымызша, Израиль-Палестина қақтығыстарын тоқтату Палестина мемлекетінің құрылуы мен Израильдің қауіпсіздігіне кепілдік беруді қамтиды» деді.

Блинкен Израильдің Газаға шабуылдары басталған 7 қазаннан бері аймаққа алтыншы сапарын жасауда. Таяу Шығыс сапарын кеше Сауд Арабиясынан бастаған Блинкен екінші аялдамасы Мысырдан  кейін Израильге өтеді.



Ұқсас жаңалықтар