Нетаньяху Рафахқа шабуыл жоспарын бекітті

Израиль премьер-министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

2118181
Нетаньяху Рафахқа шабуыл жоспарын бекітті

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Рафахқа шабуыл жасау жоспарын мақұлдағанын және бейбіт тұрғындарды аймақтан шығару жоспарын «жақында» бекітетіндерін мәлімдеді.

Израиль премьер-министрлігінің баспасөз қызметінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда премьер-министр Нетаньяху АҚШ президенті Джо Байденмен 18 наурыз күні телефон арқылы сөйлескенін хабарлады.

Нетаньяху бастапқыда Хамасты жою керектігі тақырыбында Байденмен келіскендерін алға тартып, «Алайда соғыс кезінде осы мақсатқа жетудің ең тиімді жолы туралы арамызда келіспеушіліктер болғаны құпия емес» деді.

Бастапқыда Байденге Израиль армиясының Газа секторына кірмейінше Хамасты жеңудің мүмкін еместігін айтқанын білдірген Нетаньяху соңғы кездесуінде президентке Хамас артта қалдырған батальондарды жою үшін Рафахқа кірмей жеңісті аяқтаудың мүмкін емес екенін жеткізгенін айтты.

Нетаньяху армияның Рафахқа шабуыл жасау жоспарын мақұлдағанын еске салып, «Жақында (Рафахта) бейбіт тұрғындарды соғыс аймақтарынан эвакуациялау жоспарын бекітеміз» деді.

Рафахқа шабуылдау жоспарының біраз уақыт алатынын айтқан Нетаньяху «Хан Юнуста, орталық лагерьлерде, Шифада болғандай, Хамас-тың жоғары лауазымды басшыларын жою, тұтқындау және жүздеген лаңкесті құрту жөніндегі іс-шарамызды жалғастырамыз» деді.

Израильдің 7 қазан күнінен бері Газа секторына жасаған шабуылдарында кемінде 14 мың бала, 9 мың 220 әйел, барлығы 31 мың 923 палестиналық қаза тауып, 74 мың 96 адам жараланды.

Үйінділер астында әлі мыңдаған мәйіт бар екені хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар