Ресей Столтенбергтің Кавказдағы сапарын жақын қадағалайды

Дмитрий Песков НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергтің Әзербайжан, Грузия және Арменияға сапарына тоқталды.

2117693
Ресей Столтенбергтің Кавказдағы сапарын жақын қадағалайды

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков НАТО-ның Оңтүстік Кавказда артып жатқан байланыстарын мұқият қадағалап отырғандарын білдірді.

Дмитрий Песков НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергтің Әзербайжан, Грузия және Арменияға сапарына тоқталды.

Аталмыш байланыстардың Кавказ елдерінің егемендік құқығы бар екенін атап көрсеткен Песков НАТО-ның аймақтағы ықпалы мен болмысын кеңейту әрекетінің Кавказдағы жағдайдың тұрақтылығы мен болжамдылығына әсерін тигізетін ерекшелікте емес екенін атап көрсетті.

Столтенбергтің сапарлары Ресейдің оңтүстік шекараларының қауіпсіздігіне қауіп төндіреді ме деген сұраққа Песков «НАТО-ның Кавказдағы болмысын нығайтуға деген жалпы ұмтылысын жақсы білеміз және бұл тілегі қарапайым көзге көрінуі мүмкін» деп жауап қайтарды.

Ресейдің бұл сапарларды мұқият қадағалап отырғанын айтқан Песков Мәскеудің ең алдымен осы елдермен қарым-қатынас және ынтымақтастық құралдарына көңіл бөлуді көздейтінін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар