Газада тағы 27 палестиналық қаза тапты

Израиль армиясының 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында 31 мың 800-ден астам палестиналық қаза тапты.

2117907
Газада тағы 27 палестиналық қаза тапты

Израиль әскери ұшақтарының Газа секторының орталық бөлігіндегі Нусайрат босқындар лагеріндегі бір үйді бомбалауы кесірінен  27 палестиналық қаза тапты.

Палестинаның «WAFA» ресми агенттігінің хабарына қарағанда Израиль соғыс ұшақтары  Нусайрат босқындар лагеріндегі бір үйге әуе шабуыл жасаған.

Шабуылда 27 адам қаза тапқан және көптеген адам жараланған.

Газа қаласының шығысындағы Эд-Дурк ауданындағы Сидра аймағына Израиль әскери ұшақтарының жасаған әуе шабуылында қаза тапқандар болғаны және осы шабуылдармен бір уақытта Газа қаласының солтүстігіндегі және тағы басқа аймақтар да артиллериялық оқпен нысанаға алынды.

Израиль армиясының 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында 31 мың 800-ден астам палестиналық қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар