Газа секторына теңіз арқылы алғашқы көмек жеткізілді

Біріккен Араб Әмірліктері Газа секторына 21 мың тонна апаттық жәрдем жеткізілгенін мәлімдеді.

2117899
Газа секторына теңіз арқылы алғашқы көмек жеткізілді

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Газа секторының солтүстігіне теңіз арқылы алғаш гуманитарлық жәрдемді жеткізу операциясының 19 наурыз күні таңертең аяқталғанын хабарлады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы керуенімен бірігіп, кеше таңертең Газа секторының солтүстігіне ауқымды көлемде жәрдем жеткізілгені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде бірінші теңіз жөнелтілімінде шамамен 200 тонна күріш, ұн және ақуыз тасымалданғаны және Кипр Понти әкімшілігінің Ларнака портынан Газа секторына 240 тонна көмек тасымалдайтын екінші жәрдем кемесінің де дайын екені білдірілді.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Газа секторына көмек көрсету үшін азық-түлік, су және медициналық құралдарды қоса алғанда, 21 мың тонна апаттық жәрдем жеткізілгені атап көрсетілген мәлімдемеде мұның 216 ұшақ рейсі, 10 әуеден тастау, 964 жүк көлігі және екі кемемен жүзеге асырылғаны айтылды.



Ұқсас жаңалықтар