Ресейдің президент сайлауына наразылық артуда

Грузия, НАТО және Еуропалық Одақ Ресейде қткен президент сайлаудың заңсыз өткенін мәлімдеді.

2117095
Ресейдің президент сайлауына наразылық артуда

Ресейдің Украинаның кейбір аймақтары және Абхазия мен Оңтүстік Осетияда сайлауға қатысты наразылықтар артуда.

Грузия, НАТО және Еуропалық Одақ сайлаудың заңсыз өткенін мәлімдеді.

Ресей Федерациясында үш күнге созылған президент сайлауы аяқталды. Украинамен 3 жылдан бері соғысып жатқан Ресейде президент Владимир Путинге тағы бір мерзімге билік берілді.

Нақтылы болмаған нәтижелерге сәйкес Путин сайлауда күтілгендей 87,29 пайыз дауыс жинады.

Ресей 2014 жылы Украинадан заңсыз аннексиялап алған Қырымда және 2022 жылы аннексиялаған Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарында президент сайлау ұйымдастырды. Ресей сонымен қатар Абхазия мен Оңтүстік Осетияда да сайлау өткізді.

Грузия президенті Саломе Зурабишвили өз елінен біржақты тәуелсіздігін жариялаған Абхазия мен Оңтүстік Осетия аймақтарында Ресей президентінің сайлауын өткізунің заңсыз екенін мәлімдеді. Зурабишвили әлеуметтік желідегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде Абхазия мен Оңтүстік Осетия аймақтарында Ресей президентінің сайлауын қабылдамайтынын айтты.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Грузияға барды. Столтенберг  сайлауға қатысты мәлімдеме жасады.

Бас хатшы Столтенберг «Ресейдің Грузия мен Украина аумағында сайлау өткізуі мүлдем заңсыз» деп бағалады.

Столтенберг Ресейдің империялық амбицияларын жүзеге асырып жатқанын алға тартып, Грузияның қауіпсіздік мәселелеріне тап болғанын мәлімдеді.

Еуропа Одағы  Ресейдің  Украина аумағында өткізген сайлаудың  заңсыз екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар