Пашинян өз елі мен Әзербайжан арасындағы шекараны анықтау керектігін айтты

Армения премьер-министрі Никол Пашинян өз елі мен Әзербайжан арасындағы шекараны анықтау жұмысының нақты кезеңде басталатынын айтты.

2117523
Пашинян өз елі мен Әзербайжан арасындағы шекараны анықтау керектігін айтты

Армения үкіметінің «YouTube» парақшасында жарияланған видеоға қарағанда, премьер-министр Никол Пашинян Әзербайжанмен шекараны анықтау жұмыстары жүргізілетін ауылдарды аралап көрді.

Пашинян Тавуш аймағындағы мәлімдемесінде «Армения мен Әзербайжан арасындағы шекараны анықтау және сызу процесі нақты кезеңге өтуде. Шекараны анықтау комиссиялары Армения Республикасының шекарасының қай жерден басталатынына шешім жасауы керек. Сондықтан Армения мен Әзербайжан Республикасы арасындағы мемлекеттік шекара болуы керек» деді.

Пашинян Армения шекарасында бір миллиметр де өзгертуге болмайтынын, бұл үшін конституция бойынша бүкіл халықтың қатысуымен референдум өткізу қажет екенін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар