Израильдің көптеген қаласында наразылық шерулері өтті

Демонстранттар Беньямин Нетаньяху үкіметінің отставкаға кетуін және тұтқындардың босатылуын талап етті.

2116338
Израильдің көптеген қаласында наразылық шерулері өтті

Израильде басқыншылық астындағы Газа секторындағы тұтқындарды босатылуын, Беньямин Нетаньяху үкіметінің отставкаға кетуін және ерте сайлау өткізу талап етілген наразылық шерулері өтті.

Израильдің Кайсейрия қаласындағы Нетаньяхудың жеке резиденциясы маңында 2000-ға жуық шеруші Израиль жалауларымен жиналды. Нетаньяху үкіметін сынаған баннерлер мен плакаттар көтерген шерушілер «Сен басшысың, сен жауаптысың!», «Қазірден-ақ кет!» және «7 қазан күнінің кінәлісі сенсің!» деген ұрандар тастады.

Нетаньяхудың резиденциясына қарай жылжуға әрекет жасаған және осы аймақта от жаққан шерушілерге полиция шара қолданып, 4 адамды тергеуге алды.

Тель-Авивте болса Қабылан даңғылында мыңдаған израильдік Нетаньяху үкіметінің отставкаға кетуін және ерте жалпыхалықтық сайлау өткізілуін талап етіп, шеруге шықты.

Активисттер үкіметті сынға алатын баяндамалар жасап, наразылық білдірушілер премьер-министр Нетаньяху мен оның үкіметіндегі саясаткерлерді сынға алатын баннерлер мен плакаттар көтерді.

Полиция наразылық білдірушілерге тосқауыл қою кезінде күш қолданып, көптеген демонстрантты да ұстады.

Қорғаныс министрлігі алдында үлкен от жаққан және Тель-Авив орталығындағы Аялон тас жолының солтүстік бағыттағы көлік қозғалысын жапқан шерушілерге полиция операция жасады.

Қорғаныс министрлігі ғимараты маңында Газа секторындағы израильдік тұтқындардың туыс-тамырлары протест шеруі ұйымдастырды.

Кепілдікке алынғандарды тезірек босату тақырыбында үкіметке шақыру жасалған шеруде Германияның Израильдегі елшісі Штеффен Зайберт және Францияның Израильдегі елшісі Фредерик Журнес үн қатты.

Шерулерде баяндама жасаған бұрынғы премьер-министр және оппозиция басшысы Яир Лапид тұтқындарды үйлеріне қайтаратын бір келісімді беделіне қарамастан қолдайтындарын айтып, «Олар қайтарылмай жеңіс болмайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар