Неміс қару өндірушісі «Rheinmetall» Украинада зауыт ашады

Компания Украинадағы зауыттардың оқ, әскери техника, мылтық және зениттік қарулар шығаратынын мәлімдеді.

2116047
Неміс қару өндірушісі «Rheinmetall» Украинада зауыт ашады

Неміс қару өндірушісі «Rheinmetall» Украинада кем дегенде төрт зауыт ашатынын мәлімдеді. Украинадағы қарулы қақтығыс Германияда қару-жарақ өнеркәсібінің кеңеюіне әкелді. Компания Украинадағы зауыттардың оқ, әскери техника, мылтық және зениттік қарулар шығаратынын мәлімдеді.

«Rheinmetall» Бас директорі Армин Паппергер компанияның 2023 жылғы қызметін бағалаған жиналыста «Украина біз үшін маңызды серіктес болды, біз ол жерде жылдық 2-3 миллиард еуро сату әлеуетін көріп отырмыз» деді.

Дюссельдорфта жұмыс істейтін және «Leopard» танктерінің бөлшектерін шығарумен танымал консорциум өткен жылы 7,2 миллиард еуролық сату рекордын жаңартқанын, сондай-ақ бұл көрсеткішті 2024 жылы 10 миллиардқа жеткізуді жоспарлап отырғандарын жариялады. Бұл нәтижелер жарияланғаннан кейін компанияның акциялары Франкфуртте 5 пайызға қымбаттады.

Германияның ең ірі әскери техника өндірушісі «Rheinmetall» ақпан айында украиналық компаниямен қол қойған келісімге сәйкес Украинада артиллериялық снарядтар шығара бастайтынын хабарлады. Жақында бұл зауыттың іргетасы қаланады.



Ұқсас жаңалықтар