Путинді мысқылдап құттықтады

Мишель Ресейде бүгін басталған және 17 наурызда аяқталатын президенттік сайлау туралы мәлімдеме жасады.

2116040
Путинді мысқылдап құттықтады

Еуропа Одағы (ЕО) кеңесінің төрағасы Чарльз Мишель президенттік сайлау әлі жалғасып жатқан кезде Ресей президенті Владимир Путинді «үлкен жеңісімен» құттықтады.

Чарльз Мишель өзінің «X» аккаунтында Ресей Федерациясында бүгін басталған және 17 наурызда аяқталатын президенттік сайлау туралы мәлімдеме жасады.

Мишель Владимир Путинді "басым дауыспен алынған жеңісімен" құттықтағысы келетінін айтты. "Оппозиция жоқ. Бостандық жоқ. Таңдау жоқ" деді ол.



Ұқсас жаңалықтар