О.Африка Израиль армиясында сғысатын азаматтарын тұтқындайды

Оңтүстік Африка Сыртқы істер министрі Наледи Пандор мәлімдеме жасады.

2115157
О.Африка Израиль армиясында сғысатын азаматтарын тұтқындайды

Оңтүстік Африка Сыртқы істер министрі Наледи Пандор Израиль армиясында қызмет атқаратын Оңтүстік Африка азаматтарының елге оралған бойда қамауға алынатынын мәлімдеді.

Наледи Пандор Оңтүстік Африканың Палестинамен ынтымақтастығы туралы Африка ұлттық конгресі ұйымдастырған жиналыста Израиль армиясында қызмет ететін Оңтүстік Африка азаматтарының елге оралған бойда қамауға алынатынын білдірді. Пандор «Мен Израиль қорғаныс күштерімен қатар немесе құрамында соғысып жатқан оңтүстік африкалықтарды ескертетін мәлімдеме жасадым. Біз дайынбыз, үйге оралған кезде сізді тұтқындаймыз» деді.

Пандор «Біз Палестина халқымен 8 қазан күні (Израильдің Газа секторына шабуылдары басталған кезде) кездескен жоқпыз, біз ондаған жылдар бойы бірге күресіп келеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар