Газа секторында қаза тапқандар саны 31 мың 341-ге жетті

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады.

2115459
Газа секторында қаза тапқандар саны 31 мың 341-ге жетті

Израиль армиясының 7 қазан күнінен бері халықты аш және сусыз қалдырып, көмектің келуіне кедергі келтіріп, гуманитарлық апатқа әкелген Газа секторына жасаған шабуылдарында адам шығыны соңғы 24 сағатта 69-ға көбейіп, 31 мың 341 жетті.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Газа секторында жасаған мәлімдемеде Израильдің 160 күн бойы Газа секторына жасаған шабуылдары туралы мәлімет таратты.

Мәлімдемеде Израиль күштерінің соңғы 24 сағатта Газа секторында тағы 69 палестиналықты өлтіргені, Газа секторында қаза тапқандар санының 31 мың 341-ге жеткені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде соңғы шабуылдарда Израиль күштерінің тағы 110 палестиналықты жаралағаны, Газа секторында жалпы жаралы санының болса 73 мың 134-ке жеткені хабарланды.

Денсаулық сақтау министрлігі үйінділер астында және жол жиегінде қаза тапқан адамдар бар екенін, бірақ Израиль күштерінің кедергісі салдарынан медициналық және азаматтық қорғаныс топтарының мәйіттерге жете алмағанын атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар