Израиль Ливанға әуе шабуылы жасады

Ливанның ресми агенттігі «NNA» шабуылдар туралы хабарлады.

2114263
Израиль Ливанға әуе шабуылы жасады

Израиль әскери ұшақтарының Ливанның шығысында Сирия шекарасы маңындағы Баалбек қаласына екінші рет әуе шабуылы жасағаны хабарланды.

Ливан ресми ақпарат агенттігі «NNA»-ның хабарына қарағанда Израиль әскери ұшақтары Баалбек қаласының оңтүстігінде орналасқан Энсар ауданына әуе шабуылы жасады.

Шабуылда бір ғимараттың нысанаға алынғаны және бомбалар құлаған соң аймақта түтіннің көтерілгені аталып, қаза тапқандар мен жаралылардың саны туралы кез-келген мәлімет берілмеді.

Энсар ауданы Израиль-Ливан шекарасынан шамамен 100 шақырымдық қашықтықта орналасқан.

 «NNA» тағы бір жаңалығында Ливанның оңтүстігінде шекаралас аймақта орналасқан Накура ауданындағы бір үйге Израильдің әуе шабуылы жасағанын хабарлады.

Израиль армиясы 8 қазан күнінен бері Хизбулла қозғалысымен шекарадағы қақтығыс кезінде Баалбек қаласына алғашқы әуе шабуылын 26 ақпан күні жасаған еді.

Қақтығыстарда 240 Хизбулла мүшесі, 49 ливандық бейбіт тұрғын, 11 Эмел қозғалысы, 12 Хамас қозғалысы, 12 Исламдық жиһад мүшесіне қоса 6 Израиль азаматы мен 11 сарбазы қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар