АҚШ-та жекеменшік ұшақ апатқа ұшырады

АҚШ) Вирджиния штатында жекеменшік бір ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты.

2113538
АҚШ-та жекеменшік ұшақ апатқа ұшырады

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Вирджиния штатында жекеменшік бір ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты.

Вирджиния штатының полициясы жасаған мәлімдемеде «IAI Astra 1125» қос қозғалтқышты ұшақтың Вирджинияның Бат аймағында апатқа ұшырағаны хабарланды.

Мәлімдемеде реактивті ұшақ құлағаннан кейін өрт шыққаны, ұшақта бір бала бар 5 адамның қаза тапқаны айтылды.

Федералдық авиация басқармасы болса оқиғаға қатысты Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесімен оқиғамен байланысты бірлескен тергеу жүргізетінін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар