Израиль Ливанның оңтүстігіне шабуылдады
Ливанның оңтүстігіндегі бір елді мекенге жасаған шабуылында 5 адам қаза тапты.
Израиль армиясының Ливанның оңтүстігіндегі бір елді мекенге жасаған шабуылында 5 адам қаза тапты.
Ливанның ресми агенттігі «NNA»-ның хабарына қарағанда, Израиль армиясы шекаралық аймағында орналасқан Хирбет-эс-Слим қаласының Айн ауданындағы бір үйге зымыран шабуылы жасады.
Шабуыл кезінде бірдей төртеуі бір отбасынан шыққан әкесі, жүкті әйелі және 2 баласына қоса тағы бір адамның қаза тапқаны білдірілді.
Шабуыл кезінде 9 адамның жараланғаны, емдеу үшін жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілгені атап көрсетілді.
Израиль нысанаға алған үйдің толығымен қирағаны және айналадағы көптеген үйдің де зақымданғаны білдірілді.
Израиль армиясының 2023 жылдың 8 қазан күнінен бері Ливанның оңтүстігіне жасаған шабуылында қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны 51-ге көбейді.
Сонымен қатар, қақтығыстарда 236 Хизбулла мүшесі, 11 Эмел қозғалысы, 12 Хамас, 12 Исламдық жиһад қозғалысы мүшесі, 6 Израиль азаматы және 11 сарбазы қаза тапты.
Ұқсас жаңалықтар
Ауғанстанда туристерге жасалған шабуылды ДАИШ мойнындады
Бамиян провинциясындағы туристік аймақтарға барған бір топ туристерге қарумен шабуыл жасалды.
Ирландия Палестина мемлекетін мойындайтын болды
Саймон Харрис Палестина мемлекетін айдың соңына дейін мойындауға ниетті екендерін айтты.