Швеция ресми түрде НАТО-ның 32-ші мүшесі болды

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Швецияның НАТО-ға ресми түрде қосылғанын хабарлады.

2112677
Швеция ресми түрде НАТО-ның 32-ші мүшесі болды

Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтонда өткен кіру протоколын қабылдау рәсімімен Швеция ресми түрде НАТО-ның 32-ші мүшесі болды.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг «X» әлеуметтік желідегі парақшасында Швецияның НАТО-ға ресми түрде қосылғанын хабарлады.

«Швеция НАТО-ның 32-ші мүшесі болды және біздің үстелімізде өзінің лайықты орнын алды. Дүйсенбі күні НАТО штаб-пәтерінде олардың туын көтеруді асыға күтемін» деген  Столтенберг «Швецияның қатысуы НАТО-ны тіпті күшейтеді. Швецияны және бүкіл одақтасты қауіпсіз етеді» деді.

НАТО-дан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда 11 наурыз күні НАТО штаб-пәтерінде Швецияның мүшелік рәсімі өтеді.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг пен Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссонның қатысуымен өтетін салтанатта Швеция туы көтеріледі.

23 қаңтарда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі және 26 ақпанда Венгрия Ұлттық Мәжілісі бекіткеннен кейін барлық одақтас елдердің парламенттерінде бекіту үдерісінің аяқталуымен Швеция мүшелігінің соңғы кезеңі аяқталған болды.



Ұқсас жаңалықтар