Орыс шекарашылардың қызметін тоқтату шешімін қабылдады

Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мәжілісте өткен отырыстан кейін баспасөзге мәлімдеме жасады.

2112168
Орыс шекарашылардың қызметін тоқтату шешімін қабылдады

Армения әкімшілігі ел астанасы Еревандағы Звартноц халықаралық әуежайындағы ресейлік шекарашылардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады.

Арменияның ресми ақпарат агенттігі Арменпресстің хабарлауынша, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Армен Григорян Ұлттық Мәжілісте өткен отырыстан кейін баспасөзге мәлімдеме жасады.

Григорян Армения әкімшілігінің сөз болып отырған әуежайдағы барлық қызметтердің толығымен Армения лауазымды тұлғалары тарапынан атқарылатыны туралы шешім қабылдағанын білдіріп, “Арменияның бұл мәселеде нақты көзқарасы бар және Ресей Федерациясына бұл көзқарасын ресми түрде хабарлады” деді.

Ұлттық ассамблея спикері Ален Симонян 27 ақпанда Ресей шекарашыларын Звартноц әуежайынан шығаруды дұрыс деп санайтынын мәлімдеді.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Армения үкіметінің бұл шешіміне қатысты әзірге ешқандай ақпарат алмағанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар